Автокөлік жүргізушісі 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, ол ұсталды.
Тергеушілер «оқиға алдын ала жоспарланған шабуыл болды ма?» деген сұраққа жауап іздеп жатыр.
Қаза тапқандар – 70 және 60 жастағы екі ер адам. Канадалық БАҚ хабарлауынша, зардап шеккендер қатарында балалар да бар. Олар жергілікті ауруханада жатыр.
Куә болғандардың бірінің сөзінше, жүк көлігі тротуарда жүрген жаяу адамдарға жақындаған сайын жылдамдығын арттырған.
Бұл жағдай Монреальда автобус балабақша ғимаратына соғылып, екі бала көз жұмған оқиғадан кейін бір айдан соң болып отыр.