Канададағы алапат орман өрті ғарыштан түсірілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернетте канадалық Альберт провинциясы аумағындағы ауқымды орман өртіне дейінгі және кейінгі сәтін спутниктен түсірген суреттер пайда болды.

Провинцияның бірнеше ондаған гектар жері жанып кетті, деп хабарлады RT.

Өрт салдарынан Форт МакМюррей, Анзак және Грегори Лэйк Эстейтс қалаларынан 19 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жергілікті билік тұрғындар жуық арада үйлеріне орала алмайтынын мәлімдеді.