Канададағы алапат өрт сақтандырушыларға 7 млрд долларға түсіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канададағы Альберт провинциясында бір аптаға созылған өрттен келген шығын 7 млрд долларға бағалануда. Канада үшін рекордты сақтандыру төлемі осынша соманы құрайды.

Альбертте басталған өрт көрші Саскачеван провинциясына тарады.

Жалын 2000 шаршы шақырымнан астам алаңды шарпуда. Билік құтқарушыларға өртті ауыздықтауға тек нөсер жауын ғана жәрдемдесе алады деп санауда.

Мак-Мюррей фортынан жүз мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Тілсіз жаумен 500-ден астам өрт сөндіруші арпалысуда, операцияға 15 тікұшақ, 14 ұшақ жұмылдырылды.

1600-ден астам үй жанып кетті, деп хабарлайды Би-би-си.