НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канаданың Монреаль қаласында каратеден А сериясы аясында өтіп жатқан рейтингілік турнирде екі қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, ерлер арасында 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Дархан Асаділов финалға шықса, әйелдер арасынан 55 келіде ел намысын қорғап жатқан Сабина Захарова шешуші сында алтын медальға таласады.
Сондай-ақ, бес спортшымыз қола медаль үшін өтетін кездесулерге қатысады. Атап айтар болсақ, Еркінбек Байтөреев (60 келі), Дидар Әмірәлі (67 келі), Софья Берульцева ( 68 келі), Ермек Айназаров (75 келі), Игорь Чехмарев (84 келі) үздік үштікке ену үшін татамиге шығады.
Финалдық кездесулер Канада уақытымен бүгін өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.