Мамырдың басында елдің батысынан басталған тілсіз жау күн санап өршіп барады. Табиғи апаттан әсіресе Форт Мак-Муррей қаласының тұрғындары қатты зардап шекті. Мұнда 2,5 мыңға жуық үй жанып кеткен.
Тілсіз жауды ауыздықтауға күннің күрт ысуы мен ұйытқи соққан жел кедергі келтіруде. Дегенмен, синоптиктер алдағы күндері аймақта аптаптың беті қайтып, жаңбыр жауады деп болжап отыр.