Квебек, Нью-Брансуик және Онтарио провинцияларында 20 мыңнан астам ғимарат су астында қалды. Құтқарушыларға әскерилер көмектесуде. Көшелерде уақытша бөгеттер салынып жатыр. Көптеген аудандарда ТЖ режімі енгізілді.
Таяу уақытта қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Жауын-шашын мөлшері 40 миллиметрге дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды телеарна.