Канададағы ұшақ апатында елдің бұрынғы көлік министрі қаза тапты
08:28, 30 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 наурыз күні Киелі Лаврентий шығанағында болған әуе апатында Канаданың бұрынғы көлік министрі Жан Лапьер қаза тапты. Бұл туралы CBC News-қа сілтемемен Lenta.ru хабарлайды.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, ұшақтың құлауы салдарынан жеті адам, соның ішінде Лапьердің зайыбы және отбасының басқа мүшелері опат болды.
Сент-Юберден ұшқан әуе кемесі түске қарай, Авр Окс Мэзон аралындағы аэродромға жақындаған кезде құлады. Сол кезде тұман болып, жаңбыр құйып тұрған. Әуе кемесі әуежайға бірнеше километр қалғанда құлаған.
Ел билігінің мәліметтерінше, Mitsubishi MU-2B-60 ұшағы АҚШ-тың жеке меншігінде болып, сонда тіркелген.