АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Барыс» хоккей командасы Уэйд Эллисонмен келісім-шартқа қол қойды.
Канадалық шабуылшымен бір жақты келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.
Уэйд Эллисон хоккейшілік мансабының барлық бөлігін Солтүстік Америка лигаларында өткізді. Олардың қатарында «Филадельфия», «Лихай Вэлли Фантомс», «Лихай Вэлли Фантомс» клубтары бар.
Сондай-ақ «Барыс» хоккей командасы шабуылшы Әлихан Өмірбековпен келісім-шартқа қол қойды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы елордалық клуб сапында 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.
Өткен маусымда Әлихан Өмірбеков «Барыс» сапында алғаш рет ойын көрсетті. Ол 52 кездесуде мұз айдынға шығып, үш мәрте гол соқты. Сондай-ақ үш мәрте нәтижелі пас шығарып берді.
Айта кетсек, бұдан бұрын швециялық қақпашы Юхан Маттссон «Барыс» құрамына қосылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.