Канадалық алысқа қатынайтын жүк машинасының жүргізушісіне жұмыста шылым шеккені үшін айып салынды

АСТАНА. Қазанның 12-сі ҚазАқпарат - Канаданың Онтарио провинциясында алысқа қатынайтын жүк машинасының жүргізушісіне рөлде отырып темекі тартқаны үшін полицейлер айып салды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкері жүргізушінің рөлде темекі тартып келе жатқанын байқап, тоқтатады. Одан кейін полиция қызметкері алысқа қатынайтын жүк машинасының жүргізушісіне 290 доллар мөлшерінде айып салды.

Полиция бөлімінде ер адамның жұмыс орнында, атап айтқанда, жұмыс көлік құралының кабинасында темекі тартқаны үшін айыпқа тартылғаны жөнінде түсіндірілді. Онтарио провинциясында 2006 жылы қабылданған заңға сәйкес жұмыс уақытында темекі тартуға тыйым салынады.