Канадалық Арктикадан ежелгі түйенің қаңқасы табылды

None
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Канадалық палеонтологтар түйелердің арғы отаны Арктика екендігін дәлелдеді. Элсмир аралын зерттеу кезінде олар бұдан 3,5 миллион жыл бұрын өмір сүрген түйенің сүйектерін тапты, деп хабарлады Лента.ру.

Арктикалық түйелердің жүні қалың, қазіргі түйелерден едәуір ірі болған, оның салмағы 1000 келіге дейін жетеді, шоқтығымен санағанда бойы 3 метрге жуықтайды.

Ғалымдар оны плиоцен дәуірінің мұрасы деп санайды, ол кезде Арктика жылы болып, қалың орман басқан. «Біздің зерттеулеріміз түйелердің миллиондаған жыл Солтүстік Америка аумағында өсіп-өнгенін көрсетті. Әдетте біз бұл жануар ыстық жақта болады деп санайтынбыз», - дейді зерттеу авторларының бірі Наталия Рыбчински.

Ғалымдардың жұмысы Nature Communications журналында жарияланды.