Монреаль қаласындағы 12 раундтық айқаста ол ұпайлар саны бойынша жеңімпаз деп танылып, солтүстікамерикалық бокс федерациясының ұйғарымы бойынша 79,38 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Солтүстік Америка чемпионы атағына ие болды.
Енді 31 жастағы Паскальдің қоржынында 29 жеңіс (17-сі нокаутпен) бар, сондай-ақ ол 2 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен. 2009-2011 жылдар аралығында канадалық боксшы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің ұйғарымы бойынша әлем чемпионы атағын төрт рет қорғаған. Кейіннен тек американдық Бернард Хопкинске жол берген. Сол кезден бері ол үшінші жыл қатарынан жеңіске жетіп келеді.
Былғары қолғап шеберлерінің шаршы алаңдағы жекпе-жегін тамашалау үшін «Белл сентр» аренасына шамамен 22 мың көрермен жиналды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.