Канадалық делегациямен кең көлемді мәселелерді талқылау көзделген

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 24-інде елордада ҚР Индустрия және сауда министрлігі басшыларының Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген канадалық делегациямен кездесуі болады,

деп хабарлайды ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Делегацияны Канада халықаралық сауда министрі С.Дэйем басқарып келді. Канадалық делегация сапарының мақсаты сауда, индустрия және қызмет көрсету салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, сауданы әртараптандыру және инвестицияларды тарту, жеке секторды сауда-экономикалық ынтымақтастыққа араластыру мәселелерін талқылау болып табылады.

Кездесу барысында өзара мүдделерді білдіретін кең көлемді мәселелерді талқылау көзделген.