Канадалық дипломды Атырауда алуға болады
Оқу мекемесінде заманауи жабдықтар бар. Оқытуды әлемнің жетекші оқу орталықтарында машықтанған шетелдік мамандар мен жергілікті оқытушылар жүргізуде. Бұл Қазақстанда да, шет елдерде де іске асырылып отырған ең күрделі мұнай-газ жобаларында жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған бұл оқу мекемесі бірегей болып табылады. Бірінші кезекте халықаралық серіктес - канадалық Оңтүстік Альберта технологиялар институтымен (SAITPolytechnic) ынтымақтастықта жасақталған жаңа білім беру бағдарламалары қолданылуда»,- деп мәлім етті оқу орталығының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Алғашқы кезеңде аймақтық орталықта 100 адам білім алады, одан кейін жыл сайын 700 маман даярланады. Мұнда мұнай-газ саласындағы кадрларды үш мамандық - бұрғылаудағы жұмыс техниктерін, бақылау-өлшеу құралдарына және кен орындарына қажетті мамандарды даярлайды. Уақыт өте келе мамандықтар саны 12-ге дейін өседі. Түлектер қазақстандық диплом мен келісім жасалған канадалық Оңтүстік Альберта дипломын алады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқуға түскендердің барлығы үшін ол тегін болады, басқа қалалардан келген студенттер орталық аумағындағы жатақханаға орналастырылады.