69 жастағы канадалық зейнеткер лотерея ұтысынан 1 млн 222 069 канадалық долларға ие болды. Канадалық бірінші ұтысына 2008 жылы қол жеткізіпті.
«Менің жолым болғыш шығар», - деді Паран.
Ол өзінің құмар ойындарға бейім екендігін мойындап, ары қарай да ойнауға ниетті екенін білдірген. Мол қаржыны ақсақал жаңа үйдің құрылысына жұмсамақ.