Канадалық инвесторлар Қарағандыда мал шаруашылығын дамытпақ

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігінде канадалық делегациямен кездесу өтті, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Кездесуде Альберта провинциясы мен Қарағанды облысы арасындағы мал шаруашылығы саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды.

«Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласына жаңа серіктестерді тартуға мүдделіміз. Қазақстан мен Канаданың ауыл шаруашылығын дамыту жағдайлары бір-біріне ұқсайды. Канадалық тарап ұсынған генетикалық материал мен етті бағыттағы ірі қара беру бойынша серіктестік талаптары жергілікті фермерлерді қызықтырды», - деді облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов.

Канадалық бизнесмендер екіжақты ынтымақтастықтағы өз мүмкіндіктерін таныстырып, ТМД елдерінде бірлескен кәсіпорындар құру тәжірибесімен бөлісті. Қарағандылықтарды Канадада жыл сайын өтетін «Farmfair International» жәрмеңкесіне шақырды.