Канадалық қала мэрі «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді (ФОТО)

АСТАНА.ҚазАқпарат - Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітіне Канада мемлекетінің Китченер - Ватерлоо шаһарының мэрі Брэнда Хэллоран ханым арнайы ат басын, құлшылық ордасын көріп қайтты, деп хабарлайды muslim.kz.

Елордамыздың ажарын кіргізген сәулетті ғимараттың сәні мен құрылысына, жанға жайлы оң әсеріне Брэнд Хэллоран ханым тәнті болып, толқып шықты. Құлшылық ордасын аралап, қасиетті Құран Кәрімнің көне қолжазбалары мен күмістен құйылған парақшаларын тамашалады. Алыстан келген қонаққа асыл мұрамыз «Батырлар жыры» дисктер жинағы тарту етілді. Өз кезегінде Брэнда Хэллоран ханым "Әзірет Сұлтан" мешітінің заманауи үлгіде салынған өте сәуллеті ғимарат екенін, осында келгеніне өте қуанышты екенін білдірді.