Әйел мен оның жұбайы 150 бұзаудан құралған табының осындай әрекетіне таңқалысты. Олар жақындап келіп, жануарлардың кеміргіштің жанына топтасқанын көреді.
Айвидің пікірінше, бұзаулар әуестік танытып құндызға ерсе, құндыз өзіне жаңа үй іздеген. «Олар тинейджерлерге ұқсайды, - деп түсіндірді ол CBC-ға. - Олар кеміргіштің не зат екенін түсінбей, соңынан ерді деп ойлаймын».