Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар 2017 Универсиада үшін краудфандинг жариялады
Жұпқа өз шығындары және бапкер мен канадалық судья шығынын жабу үшін 15 мың долларға жуық қаражат қажет. Алекса Линден мен Адисон Волден бұдан бұрын ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысқан.
Спортшылар мемлекеттен және демеушіден ешбір қаражаттың болмағанына қарамастан, аптасына бес күн 4 сағаттан жаттығады. Армандарына жету үшін студенттер жарнамамен қаражат тауып, 8 сырғанақта жаттығу жүргізуде. Қажетті соманы жинау үшін мәнерлеп сырғанаушылар alexaaddison.com сайтын, Facebook-та парақша, GoFundMe краудфандинг парақшасын ашты.
Сондай-ақ спорттық тауарлар, кәдесый, саптыаяқтар жарнамалап, сатуда. 21 жастағы Алекса Линден - болашақ кинезиолог, ал Адисон Волден - психолог. Екеуі де Саймон Фрейзер университетінің студенттері, алайда ЖОО оларға демеушілік ете алмайды. Себебі мәнерлеп сырғанау олардың спорттық тәртібіне енгізілмеген. Жұп 2013 жылы танысқан. Ол кезде олардың басқа әріптестері болған. Өткен жылы студенттер бірге сырғанақ тебуді шешкен.
Бойжеткен жігіттің сегізінші әріптесі болса, жігіт - оның жетінші әріптесі. Алекса мен Адисон Алматыдағы Универсиадаға Олимпиадаға трамплин ретінде қатысуды қарастыруда. «Бұл арман біздің шындығында неге қол жеткізгіміз келетінін түсінуге мәжбүрлеуде, - деді Волден. - осы олимпиадалық арманның қандай да бір бөлігін жүзеге асыруға тырысып бағудамыз».