Жұма күні канадалық миллиардер Барри Шерман мен оның әйелі Ханидің өлі күйіндегі денесі Торонтодағы үйлерінде табылған болатын.
«Кеше және бүгін жүргізілген жан-жақты зерттеу нәтижесінде екеуінің де тұншығып өлгені белгілі болды», - деп хабарлады Торонта полициясы.
Бұған дейін СВС арнасы жұбайлардың өлімі қатты күдік туғызып отырғандығын айтқан еді.
Шерман 1974 жылы Apotex компаниясының негізін қалаған. Компания дәрі-дәрмек препараттарын өндірумен және оны 100-ден аса елдерге экспорттаумен айналысады. Ол Канададағы ең ауқатты адамдардың бірі болып табылады.