Канадалық спортшылар «Алматыға рахмет» деген жазу алып шықты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда аяқталған 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жабылу салтанатты шарасындағы спортшылар шеруінде канадалық спортшылар «Алматыға рахмет» деген жазуы бар плакат алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жабылуы өтіп жатыр.

Оған 57 елден 2000 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.

Жабылу салтанаты 80 елде, 1 млрд-қа жуық көрерменге трансляцияланып отыр. 

Салтанатты шараға ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Халықаралық студенттер спорты федерациясының Президенті Олег Матыцин, Алматы әкімі Бауыржан Байбек және келесі Универсиада ойындарын өткізетін Ресейдің Красноярск өлкесінің басшылығы қатысуда.

Универсиаданың жабылу рәсімі жезтаңдай әнші Ардақ Балажанның ән шашумен басталды. Келесі кезекте Жәмилә Серкебаева скрипкада  Түркештің «Көңіл ашар» күйімен әрлей түсті. Ал «Ұлытау тобы» Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін  төгілтті.

Айта кетейік, Универсиада ойындарына 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте Ресей командасы бірінші орын алды. Олардың еншісінде 28 алты,  27 күміс және 15 қола медаль бар. Екінші орында Қазақстан құрамасы. Біздің спортшылар байрақты бәсекеде 11 алтын,  8 күміс және  17 қола жеңіп алды. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Бұл елдің спортшыларында 11 алтын, 5 күміс және  5 қола медаль бар.