Бұл туралы Канадада осындай оншақты ұтыс ойынын өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілі мәлім етті.
Қазіргі сәтте бақытты түбіртек елдің шығыс атлантикалық провинцияларының бірінде сатылғаны мәлім болды.
«Ойналған нөмірлер - 8, 29, 31, 36, 43 және 47. Бонус саны - 23",-деп нақтылады ұйымдастырушылар.
Бұдан басқа тағы бір бақытты жан 1 млн доллар ұтқан
( $770 мың шамасында). Бұл билет Онтарио провинциясында сатылған.
Еске сала кетсек, 2015 жылдың қазанында "6 из 49" лотереясында Канада тарихындағы аса ірі 64 млн канада доллары көлемінде ($49,5 млн) джекпот ойнатылған болатын.
Ал өткен жылдың желтоқсанында Lotto Max лотереясында көлемі жағынан екінші - 60 млн доллар ұтыс джекпоты тіркелген еді.