Канадалық Виннипегте кішкентай ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Виннипегтің (Манитоба провинциясы) маңында кішкентай ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қазаға ұшырады. Бұл туралы CTV телеарнасы хабарлады.

Телеарнаға сілтеме жасаған полиция мәліметтерінше, Piper-PA 28-140 маркалы ұшақ ұшқан бойда Линкрест әуежайының қасында апатқа ұшыраған. Оның бортындағы екі адам қаза болды. Олардың кім екендігі айтылған жоқ, деп хабарлады ТАСС.

Белгілі болғандай, ұшақ 20 жыл бұрын шығарылған және техникалық жай-күйі жақсы болған. Нұсқалардың бірінде қайғылы оқиға ұшқыштың қателігінен болғандығы айтылады. Виннипег әуе кемелері рекреациялық қауымдастығының президенті Джим Оуктың айтуынша, машинаны жұмысын жаңадан бастаған ұшқыш басқарған. Төтенше жағдайды тергеу шаралары басталды.