Канаданың Әскери-әуе күштерін алғаш рет әйел басқарады
АСТАНА. KAZINFORM – Генерал-лейтенант Джейми Спейсер-Бланшет Канаданың Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған алғашқы әйел атанады, деп хабарлайды ТАСС Канада Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Генерал-лейтенант Спейсер-Бланшет Канаданың Әскери-әуе күштерінің 22-ші басшысы және бұл лауазымды атқаратын алғашқы әйел болады, - делінген ведомства хабарламасында.
The Canadian Press хабарлағандай, тағайындау рәсімінде жаңа бас қолбасшы Канаданың Әскери-әуе күштері «үлкен міндеттер» алдында тұрғанын атап өтті.
– Қазір бізде кадр жетіспейді және жауынгерлік әзірлікке жоғары талаптар қойылады. Менің ойымша, бұл – басты мәселе, - деді ол.
Канада Әскери-әуе күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалғанға дейін Спейсер-Бланшет «Гриффон» шабуылдау тікұшағының ұшқышы болды және Гаити мен Босния және Герцеговинадағы БҰҰ және НАТО миссияларында қызмет етті. Сондай-ақ Канада Әскери-әуе күштерінде әртүрлі командалық қызметтерді атқарды.
Еске сала кетейік, Еуроодақ пен Канада қатынастарын нығайтады.