Канаданың әскери ұшағы елдің орталығында апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың әскери ұшағы елдің орталығында апатқа ұшырады, екі ұшқыш катапультаның көмегімен ұшақтан шығып үлгерді, деп хабарлайды Риа Новости CBC News телеарнасына сілтеме жасап.

Жайсыз оқиға жұма күні Саскачеван провинциясы Мус-Джо қаласындағы әскери-әуе базасының жаттығу алаңының маңында болған. Катапультаны пайдалану барысында ұшқыштар жарақат алған. Алайда жарақаттар олардың өміріне қауіп тудырып отырған жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әскери ұшақтың құлауына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіледі.