Канаданың бұрынғы Премьер-Министрі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын саяси санаттағыларға көмек көрсетуге шақырды

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезінде Канаданың экс-Премьер-Министрі Жан Луи Кретьен саяси санаттағыларға көмек көрсетуге шақырды.

«Демократиялық қоғамдағы өмірде қоғамды дамытуға өз үлестеңізді қосыңыздар. Қайда жүрсеңіздер де саяси класқа көмек көрсетіңіздер. Бұл санаттағыларға көмек керек. Осындай көмекке кезінде мен өзім зәру болғанмын», -деді ол.

 Экс-Премьер-Министр осы тектес диалог өте маңызды екенін атап өтті. «Біз кез келген көзқарастарды қабылдаймыз, алайда бұл көзқарастар түсіністікке бағытталуы тиіс және бауырластыққа жөн сілтеуі қажет», -деді ол.

 Діни келіспеушіліктер тұрғысында көптеген  проблемалар болғанына тоқталған ол, «бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы түрлі континенттерден келген Съезге қатысушылардың басын қосып отырғанына тәнтімін. Осы съезге қатысып отырған әртүрлі діни наным-сенімдегі адамдар әлемдегі адамзаттың жақсы өмір сүруін тілеп, осыны мақсат етіп отыр», -деді.