Канаданың Жаңа Шотландия провинциясында белгісіз біреу бір топ адамға оқ жаудырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канададағы Жаңа Шотландия провинциясының полициясы Портапик қаласында бір топ адамға оқ жаудырған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTV телеарнасына сілтеме жасап.

Күдікті - 51 жастағы Гэбриель Уортман. Полиция осы оқыс оқиғаның көптеген құрбандары туралы айтуда. Бірақ қаза тапқандардың нақты саны да, оқиғаның анық-қанығы да әзірге айтылмай отыр.

Телеарна оқ атқан ер адамның полиция формасында болғанын, бірақ полиция қызметкері емес екендігін хабарлайды. Оқиға орнынан ол патрульдік машинамен ізін суытқан.