Сарапшылардың пікірінше, сатылған картиналар Каналеттоның ең маңызды шығармалары. Онда Венецияның танымал көрікті жерлері - Риальто көпірі мен әулие Марк алаңы бейнеленген.
10:38, 05 Желтоқсан 2013
Каналеттоның екі картинасы Лондонда 16 млн. долларға сатылды
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - 18 ғасырдағы итальяндық суретші Каналеттоның екі картинасы сәрсенбі күні кешке Британияның астанасында 9,6 млн. фунтқа (15,7 млн. доллар) сатылды.