Сапар басында қазақстандық дипломат Канар аралдары Үкіметінің төрағасы Фернандо Клавихомен және Испания Үкіметінің Канар аралдарындағы өкілі Мария Тереза Майанспен келіссөз жүргізді.
Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, сапар барысында Қазақстанның Елшісі сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге» қатысты.
Іс-шара аясында Елші іскер топтар өкілдерінің назарын екі елдің өңірлері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды дамытудың басымдығына, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін еліміздің транзиттік әлеуетін пайдалануға аударды.
Сапардың басты іс-шарасы Канар аралдарында ҚР Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болды.
Қазақстанның өңірдегі өкілдігін Атлантика директивалық институтының халықаралық сауда және Халықаралық экономика профессоры — Рафаэль Хуан Молина Петит басқарды.
Ол бұрын Канар аралдарының Экономика министрлігі мен Өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігінде басшы лауазымдарында қызмет атқарған.
Д. Мұсаев өз сөзінде салтанатты рәсімге қатысушыларға Корольдіктің аумағындағы құрметті консулдар институтының географиясын кеңейту қазақ-испан ынтымақтастығын дамуына үлес қосатынын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатының дәлелі болып табылатынын атап өтті.
Құрметті консулға, ең алдымен, өңір мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл беріледі.
Қызметтің басым бағыты — Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүддесін қорғау.
Бұл ретте Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен байланысты қолдауға ерекше назар аударылады.
Айта кететін жәйт, бүгінгі күні Испания Корольдігінде әр аймақта орналасқан 4 құрметті консулдық жұмыс істеп тұр.