Канар аралдарында Еуропадағы ірі телескоп ашылды

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Канар аралдарында Еуропадағы ірі күн телескопы ашылды, оның көмегімен астрономдар ғаламшар бетінен Күнді зерттемек, деп хабарлады Утро.ру.

Телескоп айнасының диаметрі 1,5 метр, ол диаметрде Күн бетіндегі 70 шақырымға дейін аумағындағы нысандарды көре алады.

Канар аралдарындағы астрономиялық институттегілердің айтуынша, Тенериф аралында орналасқан «Грегор» телескопының құны 12,85 млн. еуроны құрайды. Оны салумен Кипенхойер атындағы немістің Күн физикасы институты басқарған еуропалық ғылыми мекемелер айналысты.