АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, Бейжің және Лондон олимпиадаларының қатысушысы Қанат Әбутәліпов спорттан кетті. Бұл туралы «Астана арланс» командасының менеджері Болат Манкенов «Аламан» спорт агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
«Әбутәліпов «Астана арланс» командасынан кетті. Боксшы енді бокс қолғабын шегеге ілетінін айтты бізге. Қанат бауырымыз әрі қарай бапкерлікпен айналыспақ», - деді Манкенов.
Қанат Әбутәліпов (1983 жлы 22 наурызда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылында туған) - қазақстандық боксшы, 2012 жылғы жазғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы.
Әлемдік бокс сериясы бойынша «Астана Арландары» сапында 2010-2011 маусымында чемпион атанып Қазақстан үшін Лондон-2012-ге бокстан тұңғыш олимпиадалық лицензия алды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.