«Энергетика саласында жұмыс істеген адам ретінде пікіріңізді білсек деп едік. Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса, қай елдің технологиясына жүгіну дұрыс деп есептейсіз», - деп сұрады журналист.
«Энергетика саласында жұмыс істеген адам ретінде сұрап тұрсаңыз, айтайын. Атом энергетикасы саласында станса салуда көшбасшылық етіп отырған 4 мемлекет бар. Ол, әрине, біздің екі көршіміз – Қытай мен Ресей, Оңтүстік Корея және Франция. Осы төртеуі бәсекелестікке шығуы мүмкін», - деді Қанат Бозымбаев.
Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АЭС салуға үміткер вендерлер арасында АҚШ кәсіпорындары да бар екенін айтқан.