— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Бүгін сондай-ақ Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Ал Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Артынша Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болатыны белгілі болды.