Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді

Фото: Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Қазіргі уақытта өңір аумағында таулы аймақтардағы қардың еруінен екінші су тасқыны толқыны өтіп жатыр. Вице-премьер су тасқыны қаупі жоғары учаскелерді тексерді.

Фото: Үкімет

Облыс бойынша 2 қала мен 11 ауданда 72 су тасқыны қаупі бар елді мекен анықталған.

Фото: Үкімет

 Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 15 елді мекенде тасқын қаупі жойылып, 49-ында қауіп азайтылды. Қазір 8 елді мекен әлі де қауіп аймағында, ол жерлерде тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған.

Фото: Үкімет

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 132 су шаруашылығы нысаны штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Қанат Бозымбаев Өскемен қаласындағы Вторушка өзеніндегі гидротехникалық құрылысты және өзен суын су бұру арнасына айдайтын 1А сорғы станциясын тексерді. Бұл нысан маңайдағы тұрғын үйлерді су басудан қорғайды. Кейін вице-премьер Зубовск ауылындағы жағалауды нығайту дамбасының және Бұқтарма өзенінің Малеевск ауылындағы гидропостының жағдайымен танысты.

Фото: Үкімет

Өскемен қаласында Қанат Бозымбаев облыстағы су тасқыны жағдайын нақты уақыт режимінде бақылап, болжау жүргізілетін жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Мұнда су тасқыны жағдайы цифрлық карта арқылы да бақыланады.

Фото: Үкімет

Вице-премьер «Қазгидромет» РМК мен облыс әкімдігіне салынған дамбылар бойынша істелген жұмыстарды ескере отырып, гидропосттардағы шекті деңгейлерді қайта калибрлеуді және нақтылауды тапсырды.

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Сондай-ақ, мамыр-маусым айларында күтілетін үшінші су тасқыны толқынына дайындықты күшейту жөнінде барлық тиісті қызметтерге нақты тапсырма берілді.