Қанат Бозымбаев: Қазақстан мен Куба мұнай-газ саласында ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойды
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Кубада қол қойылған меморандум жайлы толығырақ айтып берді, деп жазады 24.kz.
«Бүгін біз Кубаның энергетика және тау-кен өндірісі министрімен өзара ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол қойдық. Бұл бірінші кезекте мұнай-газ өндірісіне қатысты. Әсіресе, Қубаны қоршап жатқан кен орындарын айтып отырмын. Тіпті, Қазақстан мұнайын Кубаның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мүмкіндіктері де қаралуда», - дейді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Мәлім болғандай, Гавана Астанада өтетін EXPO көрмесіне қызығушылық танытып отыр. Қатысатыны жөнінде құжат былтыр қабылданып қойған. Бүгін жұмыс тәртібі бекіді. Жалпы жасыл теxнологиялар саласындағы Латын Америка елдерінің жеткен жетістіктері аз емес. Бізге қажет тәжірибенің озық үлгілері бар бұл өңірде. Оны кубалықтар көрмеге алып келмек ойда.
«Көмір, мұнай-газ жоқтығынан үлкен іздену жұмыстары, ғылыми жұмыстар атқарып жатыр. Кейбір мемлекеттерде қазіргі кезде осындай энергияның үлесі 90%-ға жетті. Кубада ол төмендеу, бірақ үлкен жоспарлар қойып отыр. Асқан қызығушулықпен біздің көрмеге дайындалып жатыр екен», - дейді «Астана EXPO- 2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Аxметжан Есімов.