Қанат Бозымбаев өзін бульдог пен мастифке теңегендерге жауап берді
Әсіресе, өзін бульдогқа және мастифке (ит түрлері) теңеген жазбалар министрдің есінде қалған.
«Әрине, баспасөз қызметі жұмыс істейді, өзім де анда-санда Фейсбукті ашып, мен туралы, министрлік жұмысы туралы халықтың не жазып жатқанын қараймын. Қызықты пікірлер бар, бірақ оның авторлары өз есімдерін жасырып, түрлі лақап атпен жазған. Сондықтан, мұның виртуалды кеңістік екенін ескеріп, көз жұма қараймыз. Бірақ, сыни пікірлер көбейіп кеткен жағдайда, міндетті түрде назар аударамыз. Бұл біздің жұмысымыздағы басты бағыт емес. Әзірге виртуалды кеңістікке түгел көшкен жоқпыз - дәл қазіргі сәтте өмір сүріп жатырмыз, жанармай, көмір, дизельді отын дәл қазір керек, сондықтан өзге жұмыстарға алаңдауға уақыт жоқ. Бірақ, БАҚ пен әлеуметтік желілер қаққан дабыл - біз үшін маңызды», - деді Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ведомство басшысының айтуынша, әлеуметтік желідегі пікірлер қай облыста бензин тапшылығы орын алғанын анықтауға мүмкіндік берген.