АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Ислам АҚШ-та бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жек алдында өткен баспасөз мәслихатында ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қанат Ислам баспасөз жиынында тілшілер мен жанкүйерлердің сұрағына ағылшын тілінде жауап беріп, тағы бір қырынан көрінді.
Осыған дейін Исламның жекпе-жегі «Қазақстан» және «KazSport» арналарынан көрсетілетіні хабарланған болатын .
Жекпе-жек 18 ақпан күні Астана уақыты бойынша 07:55-те басталады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.