Фейсбукта спортшыға арналып ашылған арнайы парақшада журналист Берік Сұлтан - «Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Бұйыртса жақын арада жекпе-жек уақыты мен қарсыласын жариялаймыз! Алға, Қазақтың Қанаты!!!» - деп жазды.
Бұған дейін боксшының жеке парағында жекпе-жек уақыты мен қарсыласы туралы ақпараттар жақын арада белгілі болатыны, сондай-ақ, келесі жекпе-жекте рингке киіп шығатын қысқа шалбарының дизайны көрсетілген болатын.
Қанат Ислам 2017 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырған белгілі. «Қазақстан» телеарнасы АҚШ-тағы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсететінін хабарлады.