Атап өткен жөн, қазақстандық боксшы өз салмағында бұл ұйымның ТОП-15 қатарына енбейді. Сол себепті, Қанат Ислам өңірлік немесе құрлықаралық WBC белбеуі үшін АҚШ аумағында айқас өткізеді деп күтілуде.
Толықтыра кетсек, Қанат Исламның салмағындағы ұйымның қазіргі чемпионы 26 жастағы америкалық Джермелл Чарло (28-0, 13КО). Ол 22 сәуір күні Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) отандасы Чарльз Хатлимен (26-1-1, 18КО) жекпе-жекке шығып, өз атағын қорғайды.