АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі былғары қолғап шебері Қанат Исламды Алматы қаласының әкімі, спорт жанашыры Бауыржан Байбек қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін керемет күн болды. Алматы қаласының əкімі, спорт жанашыры Бауыржан Байбек Қанат Исламды кезекті жеңісімен арнайы құттықтады. Биік белес бағындырып, ел атын шығару жолында шаршамау керектігін айтты. Қанат Ислам Алматы қаласының əкіміне өз былғары қолғабын сыйға тартты. Сол керемет кездесуден естелік сурет. Ағалар аман болса інілер топ жарады!», - деп жазады Фейсбуктағы парақшасында журналист, Қанат Исламның ақпараттық көмекшісі Берік Сұлтан.
Автор: Бейсен Сұлтанұлы
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан