Сайтта сондай-ақ соңғы кездері бокс жанкүйерлері арасында «Қанат Исламның «Арландар» сапына қайтып оралуы мүмкін», деген әңгіменің жиі айтылып жүргені туралы жазылған.
«Өздеріңізге белгілі, мен қазір кәсіпқой бокста жүрмін. Бір жылда 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеттім. Оның 14-і нокдаун, 2-уі нокаут. 15-ші кездесуімде колумбиялық Эмилио Хулио Хулионы жеңгеннен кейін, WBA тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedecaribe (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) чемпионы атандым. Бұл - Әлем чемпионы атағына жақындау деген сөз. Осындай деңгейге жетіп алып, кәсіпқой боксты қалай тастап кетемін?! Сондықтан, келісім берген жоқпын»,-дейді ол.