ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, кеш барысында профидегі алғашқы айқасын отандық спортшы Дархан Жұмсақбаев өткізеді. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жектегі оның қарсыласы 31 жастағы никарагуалық Осмель Майорга (2-0, 1КО) болмақ. Кездесу 6 раундқа есептелген.
Сондай-ақ аталмыш турнирге Қанат Ислам (27-0, 21КО) қатысатыны хабарлануда. Оның оппонентінің есімі әзірге жарияланған жоқ. Қ.Ислам соңғы айқасын былтыр, 26 қазан күні Алматыда өткізген еді. Ол Намибия өкілі Уолтер Каутондокваны (18-2, 17КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.