Бұл туралы ол бүгін өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Бұл жеңіс Қазақ елінің жеңісі! Бұл жеңіс Тəуелсіз елдің жеңісі! Бұл ынтымақ пен бірліктің жеңісі! Əлем алдында ұлтымыздың абыройы асқақтай берсін! Көк ту желбіресін! Сол жолда жұмылған жұдырықтай жұмыс жасауды жазсын!
Бокс кешінің бас серіктестері: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, Астана қаласының әкімшілігі, Алматы қаласы əкімдігі, «ZHERSU» өндірістік-инвестициялық корпорациясы, «BI Group», «Базис А» және «Mabetex Group» құрылыс компанияларына алғыс білдіреміз!
Намыс жоқ жерде жеңіс жоқ!», - деп жазды Қанат Ислам.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы бокс кешінде Қанаттан өзге тағы сегіз отандасымыз шаршы алаңға шығып, барлығы да қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтқан болатын.