«Құрметті Қазақ елі, мен өте қуаныштымын. Әрбір жекпе-жекте қолдау білдіресіздер. Сол үшін шексіз алғысымды білдіремін. «Елім дейтін, ерім дейтін» ел ағаларының барына ризамын. Елім дейтін ерлердің болатыны заңдылық. Ол - атам заманнан қазақ тариxында бар нәрсе. Сондықтан осындай тәуелсіз еліміз бар кезде, көтеретін Туымыз бар кезде шаршы алаңда елімізді бүкіл әлемге таныту, ұлтымыздың мықтылығын көрсету - біздің, ер азаматтардың міндетіміз. Алдағы жекпе-жекте Қазақ елінің абыройын барша әлемге көрсетіп, азаматтық борышымызды тағы да өтейміз деп ойлаймын», - дейді Қанат Ислам.
Боксшының айтуынша, жекпе-жекке кіру билеттерінің бағасы әзірше белгісіз. Оған қоса, Джемс Кирклендпен арадағы келіссөздер әлі аяқталған жоқ. "Ол келісімге өз қолын қойған жоқ. Жақын арада нақты шешімін айтады", - деп атап көрсетті ол.
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен америкалық Джеймс Киркленд Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін деген мәлімет жарияланды . Артынан ғаламторда Кирклендтің Қанат Ислам өткізген бір жекпе-жекті көріп отырғаны туралы видео да тараған болатын.