Қанат Ислам GGG-мен бірге HBO арнасында өнер көрсетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұмыс істеп жатқан НВО арнасы Қанат Исламмен келісімшартқа отыруы әбден мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қарсыласым соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілген болатын. Ол - НВО арнасының боксшысы. Негізі, сол арна мені бірге жұмыс істеуге (шақырып жатыр - авт), қазір келісімшарттар болып жатыр. Солар маған Кирклендке қарсы шықсын деп жатыр. Бірақ мен кез келген боксшымен шаршы алаңға шығуға дайынмын. Маған чемпиондар қажет», - деді Қанат Ислам бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Қанат Ислам - Джеймс Киркленд жекпе-жегі «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

Айта кетейік, Қанат Ислам - WBO Intercontinental мен WBA Fedelation белбеулерінің иегері. Қазақстандық боксшы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 9 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Оның келесі қарсыласы - АҚШ боксшысы Джеймс Киркленд.