Қанат Ислам IBO рейтингінде 32 орынға көтерілді
13:14, 14 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ұйымы (IBO) рейтингісінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев үш сатыға төмен сырғып, 34-інші орынға орналасты. Алғашқы орта дивизиондағы Қанат Ислам 51-інші орыннан 19-ыншы орынға көтерілді, ал Мадияр Ашкеев 99-ыншы номірмен ТОП-100-ге енді. Жартылай орта салмақтағы Жаңқош Тұраров 88-інші орынға орналасты.