АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам келесі кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы PR менеджері Берік Сұлтан өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Бұйыртса жақын арада жекпе-жек уақыты мен қарсыласын жариялаймыз! Алға, Қазақтың Қанаты!!!», - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 18 ақпан күні АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында өткізіп, бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Келесі кездесуін ол мамыр айына жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласы белгісіз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.