«Бәлкім, бұл Канаттың бокстағы карьерасындағы ең үздік жекпе-жегі шығар, әсіресе оның соңғы уақыттағы аса тартымды деуге келмейтін кездесулерінен кейін»,-деп жазды Скалия твиттерде.
Ислам 9-шы раундта нокаутпен жеңіске жетті және өзінің бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша белдіктерін сақтап қалды.