Боксшылардың жаттығудан кейінгі бірге түскен фотолары Kanat Islam team Facebook жеке парақшасында жарияланды.
Айта кетейік , Қанат Ислам алдағы жекпе-жекке дайындық үшін Алматыдан Астанаға келген болатын. Сондай-ақ, боксшы Нұрсұлтан Жаңабаевты өзінің ізбасары деп атаған еді.
Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Қытайда бастады. Ал соңғы кездесуінде WBA China атағын жеңіп алған болатын.
Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында Қанат Ислам (24-0,19КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) жұдырықтасады. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Осы жекпе-жектің андеркартында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0,1КО).