WBA Fedecaribe атағының иегері орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам Аргентина боксшысы Гуидо Николас Питомен кездеседі. Қанаттың қарсыласы өз карьерасында 19 рет жеңіске жетіп (соның ішінде 3-уін нокаутпен), 3 рет жеңілген.
Қанат Ислам шаршы алаңға өткен жылдың тамыз айынан бері шыққан жоқ. Соңғы кездесуінде ол бесінші раундта Колумбия спортшысы Фидель Монтеррос Муньосты нокаутқа жіберген. Бұл қазақстандық спортышының карьерасындағы 18-ші табысы. Қанат барлық жекпе-жегінде жеңіске жетіп келеді. 1 наурыз күні шаршы алаңға сондай-ақ, тағы бір қазақстандық боксшы орта салмақта жаттығып жүрген 24 жастағы Жанқош Тұраров шығады. Ол Венесуэланың тәжірибелі боксшысы Франклин Вареламен кездеспек. Вареланың есебінде 36 жекпе-жек бар, соның 21-ін жеңіспен аяқтаса, қалған 15-інде жеңілген.