Кештің басты жекпе-жегінде таразыда 153 фунт (69,4 келі) салмақты көрсеткен ешкімнен жеңілмеген 30 жастағы қазақстандық Қанат Ислам салмағы 153,8 фунт (69,7 келі) болған 31 жастағы колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрадамен кездеседі.
Басты жекпе-жектің алдында шаршы алаңда 24 жастағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен 34 жастағы колумбиялық спортшы Дунис Линан кездеседі. Боксшылардың салмағы 147 фунттан (66, 7 келі) аспауы тиіс болды. Тұраровтың салмағы 147,4 фунт (66,8 келі), ал Линан - 145 фунт (65 келі) болды.
Аталған бокс кеші Колумбияның «Telecaribe» арнасынан көрсетіледі. Тікелей эфир 24 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 02:00-де басталады.